Telegram-да жарияланған AZAL ұшағы жазбалары шынайы емес деп танылды

Telegram-да жарияланған AZAL ұшағы жазбалары шынайы емес деп танылды
24.01.2025 13:33
0
25
РИА Новости
Вице-премьер желідегі мәліметтерді жоққа шығарды

Актау маңындағы әуе апатына байланысты желіде жарияланған AZAL ұшағы ұшқыштарының жазбаша расшифровкасы шынайы емес деп танылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

"Қара жәшіктердегі жазбаларды расшифровка жасауға Қазақстан, Ресей, Әзербайжан және Бразилия сарапшылары бірдей қатысқан. Мен Telegram-дағы Baza жариялаған мәліметтерді тыңдадым. Бұл жердегі жазбалар жермен байланысқа көбірек ұқсайды. Экипаждың, пилоттардың нақты диалогы әлдеқайда ауқымды. Сондықтан, біздің топтан ешқандай ақпарат тарамағанына сенімдімін," – деді Бозымбаев.

Сондай-ақ, вице-премьер интернеттегі мәліметтердің әрдайым сенімді бола бермейтінін атап өтті.

Telegram-дағы Baza арнасы Embraer 190 ұшағының ұшқыштарының толық расшифровкасын жариялаған болатын. Қазақстанның Көлік министрлігі бұл мәселе бойынша түсініктеме бермейтінін мәлімдеді.

Ақтау маңындағы апатқа қатысты қара жәшіктердегі деректер сараптамадан өтіп, зерттеу нәтижелері жақында жарияланатын болады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или