"Тепкіледі": Алматыдағы автобуста ер адам оқушы қызға шабуылдады

09.12.2024 17:17
0
5593
видеодан скриншот

Алматыда қоғамдық көліктердің бірінде егде жастағы ер адам оқушы қыздың бетінен ұрып, шабуыл жасаған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Оқиға видео түсіп қалған. Бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады.

Зардап шеккен қыздың сөзінше, оқиға 6 желтоқсанда болған. Оқушы не болып жатқанын видеоға түсіріп, желіге жариялаған. 

"45 автобуста кәмелетке толмаған маған мас ер адам шабуыл жасады. Басында ол мені ояту үшін аяғымды тепкіледі. Кейін түрлі сөздер айтты. Тіпті бетімнен ұрып, көзілдірігімді жұлып алып, сындырды", – деді жәбірленуші қыз.

Видеода ер адам “бет жоқ бұл қызда” деп ашуланып, тіпті, балағат сөздер айтқан. Ал автобуста өзге жолаушылар қарияны тоқтатып, қызға араша түсуге тырысқан.

"Әуезов ауданының полиция басқармасы құқық бұзушының жеке басын анықтауға, оны ұстауға және жауапқа тартуға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізіп жатыр", – деді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ақпарат Skifnews.kz порталынан алынды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий