TikTok-та боғауыз сөз айтқан тағы бір «блогер» қамалды
Абай облысында 26 жастағы қыз TikTok-тағы тікелей эфирден кейін қамауға алынды. Эфир барысында ол бейәдеп сөздер айтып, әдепсіз әрекет жасап, есірткі қолданғанын мәлімдеген, деп хабарлайды Politico.kz.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, құқық бұзушылық әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында анықталған. Тікелей эфир кезінде қыз балағат сөздер қолданып, арандатушылық сипаттағы әрекеттер жасап, есірткі қолданғанын айтқан.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушының кім екенін жедел анықтады. Ол Түркістан облысының 26 жастағы тумасы Азиза Қоқанова болып шықты. Блогер қазіргі уақытта Семей қаласында уақытша тұрып жатыр екен. Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша, ұсталған сәтте қыз ішімдікке мас болған. Сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 тәулік әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...
28.10.2026
18:48
“Адамдарды көліктерге қарай итерген”: Астанада ...