TikTok-та боғауыз сөз жаудырған әйелдің басы дауға қалды

31.07.2026 19:13 Қарақат АСЫЛОВА
TikTok-та боғауыз сөз жаудырған әйелдің басы дауға қалды
219

Түркістан облысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир өткізу барысында қоғамдық тәртіпті бұзып, былапыт сөздер қолданған әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында 39 жастағы Баян Шанкееваның тікелей эфирдегі видеосы анықталған. Жазбада әйелдің әдепсіз, былапыт сөздер айтып, қоғамдық моральға қайшы әрекеттерге жол бергені байқалған.

Аталған дерек бойынша полицейлер әкімшілік материал жинап, істі сотқа жолдаған. Сот әйелдің әрекетін әкімшілік құқық бұзушылық деп танып, оған 60 500 теңге көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай құқық бұзушылық үшін 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы да қарастырылған. Алайда сот әйелдің кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескеріп, әкімшілік қамаудың орнына айыппұл тағайындады.

Түркістан облысы Полиция департаменті азаматтарды әлеуметтік желілерде де қоғамдық тәртіп пен әдеп нормаларын сақтауға шақырып, интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтар тұрақты бақылауда екенін ескертті.

Войдите, чтобы оставить комментарий