«Тізгінді бермедім»: Ақбота Керімбекова үш некесінің не себепті сәтсіз болғанын айтты

«Тізгінді бермедім»: Ақбота Керімбекова үш некесінің не себепті сәтсіз болғанын айтты
29.04.2025 21:01
0
127
Фото: видеодан скрин

Қазақстандық танымал әнші Ақбота Керімбекова өзінің жеке өмірі туралы бұрын-соңды ашық айтпаған сырын бөлісті. Ол үш некесінің не себепті сәтсіз аяқталғанын алғаш рет Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Әншінің айтуынша, отбасындағы жауапкершілікті көбіне өзі мойнына алып, ер азаматқа еркіндік бермеген болуы мүмкін.

«Ер-азаматқа өзінің міндетін атқар деп мүмкіндік бермедім бе? Мен әлсіз болып иілуім керек пе еді? Иілгенде де ер-азаматқа тізгінді беруім керек еді. Әйелміз ғой, аш отырса мен үйде отыра алмаймын, өзіміз жыбырлап істеп кетеміз», – деді Ақбота Керімбекова.

Ол сонымен қатар жастайынан өзіне сеніп, тірлігін өзі жасап үйренгенін айтып, өткен өміріне өкпесі жоқ екенін жеткізді.

«Біз егемендік алып, арпалыс кезеңінде бойжеттік қой. Саудамен айналысып кеттік. Осыған да шүкір, тәубә деймін. Ешкімге өкпем жоқ, аман болсын, бақытты болсын деймін. Өсіп-өнсін. Алладан қорыққаннан кейін, ешкімге ештеңе дей алмаймын», – деді әнші.

Әңгіме соңында ол кешірім – үлкен қасиет екенін атап өтіп, өткеніне өкінішсіз қарайтынын білдірді.

«Ең жақсы адам – кешірімді адам дейді ғой, бәрін кешірдім», – деді Ақбота Керімбекова.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий