Тобылда қымбат көлікті ұрлаған 19 жастағы жігіт бірден апатқа ұшырады
Қостанай облысының Тобыл қаласында 19 жастағы тұрғын Lexus LX 570 көлігін тұрақтан заңсыз айдап кеткен, деп хабарлайды Politico.kz.
Алайда ол көлікпен алысқа ұзай алмай, көп ұзамай жол-көлік оқиғасына тап болған.
Оқиға таңғы сағат 5:00 шамасында Титова көшесінде болған. Lexus LX 570 көлігі тұрақта тұрған жерінен айдап әкетілген.
Көлікті тізгіндеген 19 жастағы жігіттің жүргізуші куәлігі болмаған. Ол көп ұзамай тұрақта тұрған оқу-жаттығу көлігімен соқтығысқан. Жол апатының сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Аманжол Байзақовтың айтуынша, аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл бап көлікті ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленуге қатысты.
Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.11.2026
17:51
Заңға адалдық – әділетті қоғамның негізі
28.11.2026
17:39
Маңғыстауда екі адамды толқын ашық теңізге алып...
28.11.2026
16:44
Алматыда бес адам қаза тапқан үйді өртеді деген...
28.11.2026
16:18
«Таныстарым бар» деп 7 млн теңге сұраған заңгер...
28.11.2026
15:33
Telegram iPhone иелеріне шұғыл ескерту таратты
28.11.2026
15:06
«Әлі күнге дейін жақсы көремін»: Танымал актерд...