Тоқаев мәслихаттарды тарату мәселесін көтерді: жаңа сайлау өтеді

24.09.2026 12:35 Әсел МҰРАТ
Тоқаев мәслихаттарды тарату мәселесін көтерді: жаңа сайлау өтеді
268
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда мәслихат депутаттарының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, жаңа сайлау өтеді, деп хабарлайды Politico.kz

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы кеңесінің бірінші сессиясында мәлімдеді.

Тоқаевтың айтуынша, мәслихат депутаттарының өкілеттігі Конституцияда және тиісті заңдарда белгіленген мерзімге дейін сақталады. Алайда депутаттардың басым бөлігі саяси қызметін тоқтатқан AMANAT партиясының атынан сайланғандықтан, олардың өкілеттілігінің заңдылығына қатысты мәселе туындауы мүмкін.

«Өкілді органдар қызметінің заңға сәйкес болуы айрықша маңызды. Сондықтан мен жақын арада премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде келісемін. Содан соң тиісті Жарлыққа қол қоямын», – деді президент.

Президенттің сөзінше, мәслихаттар жергілікті тұрғындардың мүддесін қорғау, бюджетті бекітету және елді мекендерді дамытуға қатысты басқа да міндеттерді атқарады.

Тоқаевтың сөзінше, алдағы сайлау мәслихаттардың білікті әрі кәсіби құрамын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сол себепті тиісті Жарлыққа қол қойылғаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы сайлау өтетін күнді жариялауы тиіс.

Войдите, чтобы оставить комментарий