Тоқаев Қарулы күштер қатарында жаңа кадрлық ауыс-түйіс жасады
803
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қарулы күштердің Десанттық-шабуылдау әскерлері мен «Астана» өңірлік қолбасшылығына жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ақорданың хабарлауынша Президент 2024 жылдың қараша айынан бері «Астана» өңірлік қолбасшылығын басқарған Махсут Гусейновті Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы етіп тағайындап, оны бұрынғы қызметінен босатты.
Ал босаған «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің басшысы лауазымына осыған дейін «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Бағлан Өсербаев тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік осыған дейін Тоқаев Бауыржан Артықовты «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатқан еді.
Соңғы жаңалықтар
19.08.2026
00:03
Жан басына шаққандағы энергиямен қамту: Қазақст...
19.08.2026
00:02
Мәдинаның жеңгесі: Аяғы ауыр әйел өзін ешқашан ...
18.08.2026
23:20
Марқұм Мәдинаның жеңгесі: Арқасында шыбық ізі б...
18.08.2026
22:48
Қазақстанда автокөлік өткізу пунктерін жаңғырту...
18.08.2026
21:51
Азаматхан Әміртай: Үлкен соғыс болды, мені аяға...
18.08.2026
21:24
Қазақстанда Инстасамканың концерттерін өткізуге...