Тоқаев: Қазақстанның Ұйымға төрағалығы кезінде қойылған міндеттердің бәрі орындалды
1948
Президент Қазақстанның ҰҚШҰ төрағасы ретінде ұйымға мүше елдер арасындағы тығыз қарым-қатынасты нығайтуға, дағдарыс жағдайларында жедел әрекет ету тетіктерінің тиімділігін арттыруға бар күш-жігерін жұмсағанын айтты.
Сондай-ақ терроризм, кибершабуыл, трансұлттық қылмыс және заңсыз есірткі айналымы секілді қазіргі заманның қауіп-қатерлеріне қарсы күресте Ұйым мүмкіндіктерін жетілдіруге баса мән берді.– Ұйымның жарғылық органдарының отырыстары, әскери оқу-жаттығу жиындары және профилактикалық операциялар жоспарлы түрде ұйымдастырылды. Сыртқы істер және қорғаныс министрлері ұжымдық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін қарастырды. Қауіпсіздік кеңесі хатшылары мен парламент спикерлерінің деңгейінде кездесулер өтті. Ұйымның қосымша және жұмыс органдарының кеңестері өткізілді. ҰҚШҰ қызметінің түрлі бағыттары бойынша консультациялар жасалды. Сессияаралық кезеңде бірқатар маңызды құжаттар қабылданды. Олар халықаралық ынтымақтастық, қорғаныс саласындағы ықпалдастық, сондай-ақ ұжымдық қауіпсіздіктің өзекті сын-қатерлері мен қауіптеріне қарсы іс-қимыл мәселелерін қамтиды. Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге қатысты дайындық жұмыстарына айрықша мән берілді. Бүгін бізге Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің тиісті мәлімдемесі ұсынылады. Жалпы, Қазақстан Республикасының Ұйымға төрағалығы кезінде қойылған міндеттердің бәрі орындалды. Біз белгілеген басымдықтарды жүзеге асыруға қолдау көрсеткендеріңіз және бірлесе нәтижелі жұмыс атқарғандарыңыз үшін алғыс айтамын, – деді Мемлекет басшысы.Жиын барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының 2024 жылы ҰҚШҰ-ға төрағалығы қорытындыланды және алдағы кезеңнің жоспары нақтыланды.
Соңғы жаңалықтар
20.08.2026
00:12
Мәдина соңғы видеодағы көйлекті лақтырамын деп ...
19.08.2026
23:30
Құрбысы: Мәдина бұған дейін де күйеуінен 5-6 ре...
19.08.2026
23:25
“Спорт саясаттан бөлек”: Қуат Хамитов Головкинд...
19.08.2026
22:17
Алматы облысында тау шыңынан табылған мәйіт тік...
19.08.2026
22:01
Гинеколог: Эфирге 5 минут қалғанда ағамды пышақ...
19.08.2026
21:32
Меркідегі Мәдинаның өлімі: Жамбыл облыстық поли...