Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

24.09.2026 09:20 Әсел МҰРАТ
Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады
294
Фото: ашық дереккөз

Президент қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Politico.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Дәулет Бекманов Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Дәулет Бекманов туралы

1983 жылы 20 қарашада туған.

2004 жылы «Мирас» жеке университетін «Информатика» мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы «Медиа Софт Астана» ЖШС-да инженер-жүйелі техник қызметінде бастаған.

2006-2011 жылдары Ұлттық архивтің Ақпараттық архивтік технологиялар бөлімінің маманы, «Денсаулық сақтаудың инвестициялық жобаларын басқару орталығы» ЖШС жетекші маманы, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бас аналитигі болып жұмыс істеді.

2011-2018 жылдары Байланыс және ақпарат министрлігінде, Көлік және коммуникациялар министрлігінде, Байланыс және ақпарат агенттігінде, Инвестициялар және даму министрлігінде, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде басшылық қызметтер атқарды.

2018-2020 жылдары – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2020-2023 жылдары – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің төрағасы.

2023-2025 жылдары – «Қазпошта» АҚ-ның Пошта сервисі мен мемлекеттік қызметтер жөніндегі басқарушы директоры.

2025 жылы шілдеден бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы болып қызмет атқарды.

Войдите, чтобы оставить комментарий