Тоқаев ұсынды, Путин қарсы шықты: Украинадағы соғыс тоқтай ма?

02.09.2026 11:07 Әсел МҰРАТ
Тоқаев ұсынды, Путин қарсы шықты: Украинадағы соғыс тоқтай ма?
279
Фото: ашық дереккөз

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысты уақытша тоқтатуды ұсынған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру жөніндегі ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Путин Тоқаевпен Омбыдағы кездесуден кейін Украинадағы соғыс мәселесін қайта қозғамағанын айтты.

Путиннің айтуынша,  Ресей соғысты уақытша тоқтатуды емес, оны толық аяқтап, Украина мен Еуропада ұзақ мерзімді әрі берік бейбітшілік орнатуды көздейді.

«Біз соғысты уақытша тоқтатқымыз келмейді, біз біржолата тоқтатып, Украинада, Еуропада ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізгіміз келеді. Сол үшін келіссөздер процесіне дайынбыз», – деп атап өтті Путин БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында.

Еске сала кетейік, биыл шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда Ресей президентімен кездесу кезінде Украинадағы соғысты уақытша тоқтатып, «Ыстанбұл формуласы 2.0» негізінде келіссөздерді қайта бастауды ұсынды. Қазақстан президенті өзінің бұл мәселеде араағайын болмайтынын да айтты.

Войдите, чтобы оставить комментарий