Төреғали Төреәлі Түркияда емделіп жатыр

23.04.2025 18:32 Берік Арманов Берік Арманов
Төреғали Төреәлі Түркияда емделіп жатыр
0
776
Фото: видеодан скрин

Денсаулығына байланысты концерттері кейінге шегерілген белгілі әнші Төреғали Төреәлінің қазіргі жағдайы туралы мәлімет пайда болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Той ұйымдастыру орталығының директоры Әділет Байнашов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әншімен сөйлескенін жазып, жұртты қуантқан жаңалықпен бөлісті.

«Әлемде ешкім ауырмасыншы. Төреш хабарласып, бір жарым сағат сөйлестік. Сағынғаннан екеуміздің де көңіліміз босап қалды. Қазір Түркияда ем қабылдап жатыр екен. Алла шипасын берсін! Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы жақсарып қалыпты. Елге аман-есен оралсын», – деп жазды арт-директор.

Еске салайық, осы жылдың наурыз айында Төреғали Төреәлінің Астана, Алматы, Шымкент және Тараз қалаларында өтуі тиіс концерттері кейінге шегерілген болатын. Бұл өзгерістер әншінің денсаулығына байланысты жасалған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий