“Төрт әйелі, аспазы бар бас имамдікі“ делінген үй кімге тиесілі екені белгілі болды

“Төрт әйелі, аспазы бар бас имамдікі“ делінген үй кімге тиесілі екені белгілі болды
04.02.2025 10:02
0
195
видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде біраз күннен бері Астананың бас имамының үйі делінген зәулім сарай қызу талқыға түсті. Бұл үй шын мәнінде кімге тиесілі екені белгілі болды.

ҚМДБ ресми өкілі Ағабек Қонарбайұлы бұл үй кімге тиесілі екенін жариялады. Видода Астана тұрғыны Нұрлан Лесбек қызу талқыға түскен үй өзінікі екенін айтады.

"Мен - Нұрлан Лесбекұлы. Соңғы кезде әлеуметтік желіде осы үй бас имамның үйі деп көрсетілген екен. Ол - жалған ақпарат. Бұл үй - менің үйім. Осы үйде 15 жылдан бері тұрып жатырмын, өзім соғып, өзім кіргенмін", - дейді видеодағы ер адам.

Бұған дейін әлеуметтік желіде тараған видеода бейтаныс ер адам бұл үйге аспазды алып келгенін айтып, зәулім сарай Астананың бас имамына тиесілі екенін айтқан еді.

"Мен мынаны басында мешіт екен деп қалыппын. Сөйтсем, мынау Астананың бас имамының үйі екен, мешіт сияқты, дәәәу ғой, сұмдық. Ал енді садақа беріңдер. Әр жұма сайын салған садақаларың, міне, қайда кетіп жатыр? (...) Не деген сарай мынау! Төрт әйелі бар дейді тағы. Жаңа осы үйдің аспазын алып келдім. Аспазы бар тағы. Сендердің садақаларыңмен жалақысын төлейді. Қалай Алладан қорықпайды. Ар жақтағы аумағын көрсең, 1 гектар жерді қоршап алған ғой", - деді бейтаныс ер адам.

 

Артынша Астананың бас имамы Ербол Жүсіпов желіде тараған ақпаратқа өзі пікір білдірді.

"Facebook, TikTok әлеуметтік желісінде белгісіз бір азамат жалған парақша арқылы "Мынау тұрған зәулім үй Астана қаласының бас имамының үйі" деген мазмұнда видео бөліскен. Бұл мүлдем шындыққа жанаспайтын өтірік ақпарат екенін қаперлеріңізге саламын. Ардақты мұсылман қауым, арандатушылардың өсек-аяңынан баршамызды сақтасын", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ақпарат Massaget.kz сайтынан алынды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий