Төрт баланың анасы қатыгездікпен өлтірілді: күдікті ретінде күйеуі ұсталды
Әзербайжан астанасы Бакуде 40 жастағы төрт баланың анасы Эсмира Агаларованы буындырып өлтіру дерегі бойынша тың мәліметтер белгілі болды. Қанды оқиға қаланың Бинагади ауданындағы 7-шағынауданда орын алған, деп хабарлайды Politico.kz.
Күдік марқұмның өз күйеуіне түсіп отыр. Полиция кісі өлтірді деген күдікпен әйелдің жұбайы Рафет Агаларовты ұстап, тергеу органдарына тапсырды.
Алдын ала ақпарат бойынша, әйел күйеуімен ажыраспақ болған. Соның салдарынан ерлі-зайыпты арасында жанжал шығып, қайғылы оқиғаға ұласқан.
Көршісінің айтуынша, отбасы бұл жалдамалы пәтерге бірнеше апта бұрын ғана көшіп келген.
«Олар мұнда жақында ғана қоныстанды. Сырт көзге бақытты жұп болып көрінетін. Жабық есіктің артында не болғаны бізге беймәлім. Екеуінен де ешқандай жамандық байқамадық», — дейді көршісі.
Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.11.2026
17:13
Тоқаев әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның қата...
14.11.2026
16:28
Ақтаудағы түрмеде шу шықты: Бейнебақылау камера...
14.11.2026
15:26
Жүргізушісі есінен танып қалған: Теміртауда жол...
14.11.2026
14:19
2023 жылы із-түзсіз кеткен ер адамға не болғаны...
14.11.2026
14:16
Басшысы ұсталған ҚТЖ тергеуге көмектесетінін мә...
14.11.2026
14:04
Ғылымға бөлінген миллиардтар: «Заң мен тәртіп» ...