"Төрт сағатқа созылды": Кенжебек Жанәбіловке ота жасалды
"МузАРТ" тобының әншісі Кенжебек Жанәбіловке кардиологиялық орталықта ота жасалды. Әншінің қазіргі жағдайы туралы әріптесі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп хабарлайды Politico.kz.
Сәкен Майғазиевтің жазуынша, төрт сағатқа созылған медициналық ем-шара сәтті аяқталған.
"Кенжебекке кеше кардиологиялық орталықта ота жасалып, төрт сағатқа созылған ем-шара сәтті өтті. Алла Тағала шипасын берсін. Барша медицина қызметкерлеріне мың рақмет. Сіздер де ауырмаңыздар", – деді өнер иесі.
Әнші әріптесінің тезірек сауығып, өнерге қайта оралуын тіледі. Желі қолданушылары да Кенжебек Жанәбіловке саулық тілеп, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
Бұған дейін Кенжебек Жанәбіловтің денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөліміне түскені хабарланған болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.11.2026
17:14
Ақмола облысында трактор аударылып, жүргізушісі...
15.11.2026
16:18
Қазақстанда тағы бір тасжол ақылы болды: Жүргіз...
15.11.2026
15:20
Қостанай облысында көлік аударылып, төрт адам а...
15.11.2026
14:19
Ақтаудағы «Тұлпар» мектебіндегі жанжал: Қорланғ...
15.11.2026
13:10
Алматыда Асанәлі Әшімовтің бір жылдық асы берілді
15.11.2026
12:38
Ақтаудағы бір шағынауданда ер адам кішкентай қы...