Тойға күзетшілермен келген әнші жұрттың ашуын туғызды
Әзербайжанның танымал әншісі Роза Зергерлі қазақ тойында ән шырқады.
Алайда әзербайжандық әншінің тойханаға төрт-бес күзетшімен кіруі көпшіліктің наразылығын тудырды.
Желіде тараған видеода танымал әзербайжандық әншінің қазақ тойында өнер көрсеткені байқалады. Ол өзінің ең танымал Istedim әнін орындады. Әнші сахнада өнер көрсетіп жатқанда, оны оққағарлары қоршап тұрды.
Шетелдік әртістің бұл әрекеті желі қолданушыларының ашуын тудырып, көпшілігі оны мүлде танымайтындарын айтқан.
"Мынау кім? Президенттен бетер қорғанып жүр ғой", "Жабайы қазағым-ай, сонша шашылып", "Бұл кім?", "Күзеттің түрін-ай", "Бүйтіп шақырғанша өзіміздің әдемі қыздарды шақырмай ма?" – деп жазды желі қолданушылары.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
06.11.2026
00:31
«Ауылыңа кет»: Алматыда қазақша жазғаны үшін жұ...
05.11.2026
23:16
Дастан Сәтбаевқа қатысты «Бернли» бапкері жағым...
05.11.2026
22:21
Ақтауда тұрғындар жылусыз қалды: Ашынған жұрт ж...
05.11.2026
21:33
Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен мұғалім жұ...
05.11.2026
20:31
«Кезексіз кіргізіп беремін»: Баласын балабақшағ...
05.11.2026
19:48
ҰҚК «Еңбек» кәсіпорнының басшыларын ұстады – БАҚ