Трамп БҰҰ-ға жаңа өкілін жария етті
Майк Уолтц БҰҰ-дағы АҚШ елшісі болмақ
Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде АҚШ-тың БҰҰ-дағы келесі елшісі лауазымына Майк Уолтцтың кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Әскери қызметтен бастап, Конгрестегі және менің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшім қызметіндегі еңбегіне дейін Майк Уолтц әрдайым еліміздің мүддесін бірінші орынға қойып келді. Ол жаңа қызметінде де дәл осылай әрекет ететініне сенімдімін», – деді Трамп.
Сонымен қатар, президент өтпелі кезеңде мемлекеттік хатшы Марко Рубионың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші міндетін қоса атқаратынын атап өтті.
«Біз бірге Американың және бүкіл әлемнің қауіпсіздігін қалпына келтіру үшін күресімізді тоқтатпай жалғастырамыз. Назарларыңызға рахмет!» – деді Дональд Трамп.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.11.2026
23:12
“Қоңырау шалып, қорқытқан”: Алматыда әйелді ұза...
13.11.2026
21:24
Павлодарда 20 қытайлық заңсыз жұмыс істеп жүрге...
13.11.2026
20:50
Ірі шенеуніктер ұсталған соң Тоқаев ҰҚК басшысы...
13.11.2026
20:32
«Бірнеше айдан бері ұрады»: Астанада балабақша ...
13.11.2026
20:21
Ұлытау облысы Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай ...
13.11.2026
19:41
Кувейтте жұмбақ дертке шалдыққан қазақ қызы: СІ...