Трамп Украинаны Путиннен жалғыз өзі қорғап қалғанын мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің тікелей араласуынсыз Ресей Украина аумағын толығымен бақылауға алар еді деген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz
Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында Мәскеу мен Бейжіңнің Америка Құрама Штаттарынсыз Солтүстік Атлантикалық альянстан (НАТО) сескенбейтінін жазды.
– НАТО-ның барлық "үлкен" жанкүйерлерінің есіне салайын: МЕН КЕЛГЕНГЕ ДЕЙІН олардың көрсеткіші ЖІӨ-нің 2%-ында (қорғанысқа бөлінетін қаржы үлесі — ред.) тұрды және олардың көбі шоттарын төлемейтін. АҚШ болса, аңғалдықпен, солар үшін төлеп жүрді! Мен, барлық құрметіммен, оларды ЖІӨ-нің 5%-ына жеткіздім ЖӘНЕ ОЛАР бірден ТӨЛЕЙ БАСТАДЫ. Бәрі мұны істеу мүмкін емес деген еді, бірақ бұл қолымнан келді, өйткені бәрінен бұрын — олардың барлығы менің достарым.
Егер мен араласпасам, Ресей қазір БҮКІЛ УКРАИНАНЫ иемденіп алған болар еді. Сондай-ақ естеріңізде болсын, мен жалғыз өзім 8 СОҒЫСТЫ ТОҚТАТТЫМ, ал НАТО мүшесі саналатын Норвегия маған Нобель бейбітшілік сыйлығын бермеу туралы ақымақ таңдау жасады. Бірақ мұның маңызы жоқ! Ең маңыздысы — мен миллиондаған адамның өмірін сақтап қалдым.
РЕСЕЙ МЕН ҚЫТАЙ ҚҰРАМА ШТАТТАРСЫЗ НАТО-ДАН ТҮК ТЕ ҚОРЫҚПАЙДЫ, АЛ БІЗГЕ ШЫНЫМЕН КЕРЕК БОЛҒАНДА, НАТО БІЗГЕ КӨМЕККЕ КЕЛЕТІНІНЕ КҮМӘНІМ БАР. БІРІНШІ ПРЕЗИДЕНТТІК МЕРЗІМІМДЕ ӘСКЕРІМІЗДІ ҚАЙТА КҮШЕЙТКЕНІМЕ ЖӘНЕ ОНЫ ЖАЛҒАСТЫРЫП ЖАТҚАНЫМА БӘРІНІҢ ДЕ ЖОЛЫ БОЛДЫ. Олар бізге көмекке келмесе де, біз НАТО-ға қашан да қолдау көрсетеміз. Қытай мен Ресей қорқатын әрі сыйлайтын жалғыз Ұлт — ол DJT (Дональд Джон Трамп — ред.), – деп жазды Трамп.
Соңғы жаңалықтар