Трампқа ұқсайтын сиыр құрбандықтан аман қалды

29.05.2026 12:42 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Трампқа ұқсайтын сиыр құрбандықтан аман қалды
550
Фото: Reuters

Бангладеш билігі Құрбан айт мерекесінде шаш үлгісі АҚШ президенті Дональд Трампқа ұқсайтын альбинос буйволды құрбандыққа шалудан құтқарып қалды, деп хабарлайды Politico.kz порталы Sky News-ке сілтеме жасап.

Салмағы 700 келіге жуықтайтын сирек кездесетін жануар сою үшін сатылып кеткен болатын. Алайда оның ерекше сырт келбеті желіде тез тарап, жұрттың қызығушылығын тудырғаны соншалық, үкімет азаматтардың қауіпсіздігін ойлап іске араласуға мәжбүр болды.

«Адамдардың үлкен қызығушылығы мен қауіпсіздікке төнген қатерге байланысты соңғы сәтте буйволды аман алып қалу туралы шешім қабылдадық», – деді Бангладештің ішкі істер министрі Салах ад-Дин Ахмед.

Министрдің бұйрығымен жануарды сатып алған адамға ақшасы қайтарылып, буйвол Даккадағы ұлттық хайуанаттар бағына жеткізілді. Бұған дейін ол фермер Зиауддин Мридхаға тиесілі болған.

Шаруаның айтуынша, жануардың АҚШ президентіне ұқсастығын алғаш рет оның інісі байқап, оған Дональд Трамп деп лақап ат қойған. Желіде ақ сары кекілі бар буйволдың видеосы тарағаннан кейін фермаға оны өз көзімен көру үшін алыс аймақтардан адамдар ағылып келе бастаған.

Бангладештегі малдың басым бөлігі қара түсті болғандықтан, альбинос буйволдар өте сирек кездеседі.

Войдите, чтобы оставить комментарий