«Түк дауысы жоқ»: Баян Алагөзованың сахнадағы дуэті қызу талқыға түсті
Танымал продюсер Баян Алагөзова «Қазақстан дауысы» жобасында сахнаға шығып, дуэт орындап көрді. Ол Kalifarniya-ның «Puerto Rico» әнін жоба қатысушысы Диас Жорабекпен бірге шырқады. Алайда бұл өнер көрсетілім желі қолданушыларының көңілінен шыға қоймады, деп хабарлайды Politico.kz
Әдетте продюсерлік қырымен, талғамы мен батыл шешімдерімен танылған Баян Алагөзованың ән айтуы көрермендер арасында түрлі пікір тудырды. Әлеуметтік желіде оның дауысын сынаған пікірлер көптеп жазылды.
«Не айтып тұр, мияулап», «Түк дауысы жоқ», «Ән айту сіздікі емес», «Өзіңіз әдемісіз, бірақ әніңіз өкінішке орай», «Енді ән айтпаңызшы», «Сұмдық, не деді өзі?» сынды пікірлер желіні шарлап кетті.
Дегенмен кейбір көрермендер Баян Алагөзованың бұл қадамын батылдық деп бағалап, оны продюсер ретінде емес, сахнаға шығуға тәуекел еткен өнер адамы ретінде қабылдауға шақырды.
Айта кетейік, Баян Алагөзова бұған дейін де өнер әлемінде түрлі эксперименттерімен ерекшеленіп жүрген тұлға. Алайда бұл жолғы сахналық қадамы көпшілік тарапынан қатаң сынға ұшырап, желіде қызу талқыға түсті.
Соңғы жаңалықтар