Түнде әлемде не болды - 20 наурыз

Түнде әлемде не болды - 20 наурыз
20.03.2025 09:37
0
828
dailynewsegypt.com
Стамбул мэрінің қамауға алынуы Түркияда ауқымды наразылық туғызды

Түнде әлемде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

 

Түркияда халық көшеге шығып, "кастрюль көтеріп" наразылық танытты

Түркияның Стамбул және Анкара қалаларында халық оппозициялық көзқарастағы Стамбул мэрі Экрем Имамоглудың қамауға алынуына байланысты жаппай наразылық білдіріп жатыр. Urfa Haber басылымының ақпаратына сәйкес, халық "кастрюль көтеріп", жарықты өшіріп-жағып, биліктің шешіміне наразылық танытқан.

Зеленский Трамппен әңгімелесті

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы соғысты тоқтату және ұзақ мерзімді бейбітшілікке жету жолдарын талқылады. Кездесуде майдан шебінде атысты тоқтату, инфрақұрылымға шабуылдарды доғару және әскери тұтқындарды босату мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, екі елдің командалары Сауд Арабиясында кездесіп, бейбіт процесті үйлестіруді жалғастырады.

АҚШ Украинадағы атом электр станцияларын басқаруға дайын

Сонымен қатар, АҚШ энергетика министрі Fox News арнасына берген сұхбатында Украинадағы атом электр станцияларын АҚШ-тың басқаруына беру мүмкіндігі қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Министр бұл үшін америкалық әскерилердің қатысуы қажет емес екенін атап өтті.

Байден әкімшілігі 8 миллион тауықты жойды

Ал Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт X парақшасында Байден әкімшілігі биліктен кетер алдында 8 миллионға жуық тауықты жойғанын хабарлады. Бұл әрекеттер АҚШ-та жұмыртқа тапшылығы мен бағасының күрт қымбаттауына әкелген. Левитт бұл жағдайды "Байден дағдарысы" деп атап, президент Трамп пен ауыл шаруашылығы министрі мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

КХДР әлемде криптоактивтер көлемі бойынша үшінші орынға шықты

Сондай-ақ, Times газетінің жазуынша, Солтүстік Корея әлемде биткоин қорлары бойынша үшінші орынға шыққан. Өткен айда Lazarus атты солтүстік кореялық хакерлік топ Bybit биржасына ауқымды шабуыл жасап, 1,56 млрд долларлық Ethereum криптовалютасын ұрлаған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий