Түркістан облысында бюджет қаражатын жымқырған кооператив төрайымы сотталды

13.03.2026 10:11 Арман Ермеков
Түркістан облысында бюджет қаражатын жымқырған кооператив төрайымы сотталды
53
Фото: Shutterstock.com

Түркістан облысында мемлекеттен заңсыз субсидия алып, бюджет қаражатын жымқырған ауыл шаруашылығы кооперативінің төрайымына сот үкімі шықты, деп хабарлайды Politico.kz.

Арыс ауданы прокуратурасының тексеруі кезінде 2021 жылдың сәуір айында «Ы» өндірістік кооперативінің басшысы ақпараттық жүйеге жалған мәлімет енгізгені белгілі болды. Ол селекциялық жұмыстар жүргізу үшін 2470 бас аналық ірі қара мен 120 асыл тұқымды бұқаны жалға алдым деп көрсетіп, мемлекеттен кооперативтің есепшотына 24 миллион 700 мың теңге аудартып алған. Алайда іс жүзінде бұл жұмыстар небәрі 18 бұқа мен 450 сиырға ғана жасалғандықтан, заңсыз иемденген субсидия сомасы 20 миллион 200 мың теңгені құрады.

Осы дерекке сүйене отырып, құзыретті орган аса ірі мөлшердегі алаяқтық бабымен соталды тергеу амалдарын жүргізді. Биыл 20 ақпанда сот кооператив төрайымын кінәлі деп танып, оны 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті және 5 жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырды.

Қазіргі таңда заңсыз алынған қаражат мемлекет қазынасына толық қайтарылды, ал сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий