Түркістан облысында мектеп жөндеп жатқан әйелдердің видеосының мән-жайы белгілі болды
Түркістан облысы Созақ ауданы Көктөбе ауылындағы мектепте әйелдердің жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан видеосына қатысты өңірлік білім басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Әлеуметтік желіде мәжбүрлі еңбек ретінде талқыланған бейнежазбадағы азаматтар мектептің техникалық қызметкерлері болып шықты. Мекеме мәліметінше, олар білім ошағын жаңа оқу жылына дайындау мақсатындағы жоспарлы жазғы жұмыстарға өз міндеттері аясында қатысқан.
"Мектептің техникалық қызметкерлері ұсақ жөндеу, ретке келтіру, тазалық сақтау және абаттандыру жұмыстарына қатысады, оларға ауыр құрылыс жүктелген жоқ", — деді басқарма өкілдері.
Сонымен қатар мектептегі ағымдағы әктеп–сырлау жұмыстарының өзіне бюджеттен арнайы қаржы қаралмаған және мемлекеттік сатып алу рәсімдері де өткізілмеген. Басқарманың сөзіне қарағанда, жазғы кезеңдегі бұл шаралар үшін тек қажетті сыр–бояу мен эмульсия сатып алуға ғана қаражат бөлінген.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
05.11.2026
22:21
Ақтауда тұрғындар жылусыз қалды: Ашынған жұрт ж...
05.11.2026
21:33
Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен мұғалім жұ...
05.11.2026
20:31
«Кезексіз кіргізіп беремін»: Баласын балабақшағ...
05.11.2026
19:48
ҰҚК «Еңбек» кәсіпорнының басшыларын ұстады – БАҚ
05.11.2026
19:42
Тоқаев Иордания королін ерекше марапатпен қарсы...
05.11.2026
19:16
Ақын Ербол Бықыбаев ұсталды - заңгер