Түркістан облысында зорланған 13 жасар қыз сәбилі болды
910
Бала құқықтарын жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Түркістан облысында 13 жасар қыз зорланып, артынша бала туғанын мәлімдеді.
Уәкіл тағы бір 15 жасар қыз зорлықшыдан жүкті екенін айтып, дабыл қағуда.
Динара Зәкиева Сарыағаш ауданындағы ауылдық мектепке жүргізілген сауалнамада балалар қорқыту мен бопсалауға ұшырағанын жазған.
Сол мектепте көктемде бір бала өз-өзіне қол жұмсаған және 15 жасар қызды зорлау салдарынан жүкті болған. Екі оқушы да психологтарға салып берген суреттерінде өздерін нашар сезінетінін білдірген. Алайда бұған ешкім жеткілікті мән бермеген. Әлеуметтік, қорғаншылық қызметкерлерімен немесе кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекциямен бірлесіп жұмыс жасалмаған. Олар сурет арқылы көмек сұраған. Алайда ешкім құлақ аспаған, мән бермеген, – деп жазды Зәкиева Facebook парақшасында.Зәкиеваның сөзінше, Келес ауданында зорлау салдарынан 13 жасында сәби босанған қыз жыл басынан бері мектепке бармайды. Мектеп директорының орынбасары хабардар болса да, ешқандай шара қолданбай, істі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға тапсырмаған.
Соңғы жаңалықтар
20.08.2026
00:12
Мәдина соңғы видеодағы көйлекті лақтырамын деп ...
19.08.2026
23:30
Құрбысы: Мәдина бұған дейін де күйеуінен 5-6 ре...
19.08.2026
23:25
“Спорт саясаттан бөлек”: Қуат Хамитов Головкинд...
19.08.2026
22:17
Алматы облысында тау шыңынан табылған мәйіт тік...
19.08.2026
22:01
Гинеколог: Эфирге 5 минут қалғанда ағамды пышақ...
19.08.2026
21:32
Меркідегі Мәдинаның өлімі: Жамбыл облыстық поли...