Түркістан тауларында қайғылы жағдай: Бір адам қаза тауып, екіншісі әрең аман қалды

29.07.2026 21:14 Қарақат АСЫЛОВА
Түркістан тауларында қайғылы жағдай: Бір адам қаза тауып, екіншісі әрең аман қалды
302
Фото: ТЖМ

Түркістан облысында тауға шыққан 48 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ал оның жанындағы 33 жастағы турист құтқарушылардың көмегімен қауіпсіз жерге жеткізілді.

Оқиға Төлеби ауданындағы Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында, теңіз деңгейінен 2400 метр биіктікте орналасқан Шүнкілдек асуында болған.

Төтенше жағдай туралы хабарды тауда болған азамат берген. Оның айтуынша, жанындағы досының денсаулығы күрт нашарлап, кейін қайтыс болған. Өзі де өзін жайсыз сезініп, таудан өздігінен түсе алмайтынын айтып, көмек сұраған.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен арнайы техникасы жіберіліп, «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағы жұмылдырылды. Құтқарушылар 33 жастағы ер адамды тікұшақпен эвакуациялап, дәрігерлердің қарауына жеткізді. Медициналық тексеруден кейін оның ауруханаға жатқызуды қажет етпейтіні анықталды.

Сондай-ақ құтқарушылар қаза тапқан ер адамның мәйітін таудан түсірді. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жартастан құлап көз жұмған.

ТЖМ азаматтарға тауға шығар алдында бағыт туралы жақындарына алдын ала хабарлап, ауа райы болжамын ескеруге, байланыс құралдарын, су, дәрі қобдишасы мен қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүруге кеңес береді.

Войдите, чтобы оставить комментарий