Түркістанда 6 жасар қызға зәбір көрсеткен 14 жастағы оқушы сотталды

25.12.2025 12:44 Арман Ермеков Арман Ермеков
Түркістанда 6 жасар қызға зәбір көрсеткен 14 жастағы оқушы сотталды
0
338
Фото: salsknews.ru

Түркістан облысында 6 жасар қызды зорлаған оқушы 10 жылға түрмеге қамалды, деп хабарлайды Politico.kz порталы 31 телеарнасына сілтеме жасап.

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты үкім шығарды. Мектеп қабырғасында жүрген жеткіншек аса ауыр қылмыс жасағаны үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот-медициналық сараптама нәтижелері жәбірленушінің зорланғанын толықтай растады. Іс материалдарын зерделеген сот айыпталушыны кінәлі деп таныды.

Тергеу деректеріне сүйенсек, жантүршігерлік оқиға биылғы жаз мезгілінде Бәйдібек ауданына қарасты Қошқарата ауылында болған. 14  жастағы бала бірінші сыныпта оқитын қыз баланы алдап, ауыл шетіндегі көпірдің астына алып барған. Оңаша жерде кішкентай қызға күш қолданған ол ойына келгенін істеп, зорлық көрсеткен.

Бүлдіршіннің қорлық көргенін білген жақындары дереу құқық қорғау органдарына шағым түсірген. Жедел әрекет ету нәтижесінде күдікті көп ұзамай құрықталды.

Сот процесі барысында айыпталушы жасаған ісіне өкініш білдірмеген. Бұл туралы Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Марат Күздеубаев мәлімдеді:

«Сотталушы және оның заңды өкілі жәбірленуші тараптан ешқандай кешірім сұраған жоқ. Аталған сотталушының кәмелетке толмаған азаматтың кінәсі іс құжаттарына тіркелген материалдармен, куәгерлердің көрсетулерімен, сарапшылардың қорытындыларымен және өзінің ішінара мойындауымен толықтай дәлелденді. Сот үкімімен кәмелетке толмаған "С" есімді азамат кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды».

Судьяның шешімімен қылмыскер жазасын өтеумен қатар, материалдық жауапкершілікке де тартылды. Ол психологиялық ауыр соққы алған жәбірленушінің отбасына 8 миллион теңге көлемінде моральдық шығын төлеуге міндеттелді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий