Түркістанда бір топ адам жас жігітті сабап кеткен

18.02.2026 12:17 Арман Ермеков
Түркістанда бір топ адам жас жігітті сабап кеткен
138
Түркістанда 20 жастағы жігітті ұрып кеткен / Фото: әлеуметтік желі

Түркістан облысының Сайрам ауданында ауруханаға дене жарақаттарымен түскен жігіттің ісіне байланысты бұзақылық фактісімен қылмыстық іс қозғалып, екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Әлеуметтік желілерде 20 жастағы жігітті 25-30 адамның жабылып ұрғаны туралы ақпарат тарады. Жігіттің туыстары жанжалдың күндіз көкпар кезінде басталып, кешке оны мектеп жанына сөйлесуге шақырғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, шабуыл жасағандар жігітті есінен танып қалғанша тепкілеп, кейін адам жоқ жерге апарып тастаған, ал жақындары оны тек екі сағаттан кейін ғана тауып алған.

Жақындарының хабарлауынша, жігіт шамамен бір апта жансақтау бөлімінде жатып, қазір жалпы палатаға ауыстырылғанымен әлі толық сөйлей алмайды, сондай-ақ онымен бірге болған екі досы да түрлі жарақат алған. Ата-анасы күдіктілердің қолында пышақ, тапанша және кастет болуы мүмкін екенін алға тартып, олардың қамауға алынбағанына наразылық білдірген.

Түркістан облысының полиция департаменті 7 ақпан күні аудан тұрғынының дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілгенін растады.

«Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, екі күдікті ұсталды», – деп хабарлады полиция өкілі.

Сот ұсталғандарға қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдап, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий