"Газдың иісіне ескерту жасаған": Түркістандағы жарылыстан қаза тапқан қыздың туыстары әділдік іздейді

06.01.2026 10:17 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
452
Фото: видеодан скриншот/ Stan.kz

Жаңа жыл түні Түркістан облысы Кентау қаласында орналасқан қымызханада жарылыс болып, 18 жастағы қызметкер қаза тапты. Бұл туралы Politico.kz 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлады.

Қайғылы оқиға салдарынан қымызханада кассир болып жұмыс істеген Дана Сағынғалиқызы ауыр күйік алып, оқиға орнында көз жұмған. Марқұм бұл жұмысқа небәрі бір ай бұрын орналасқан, өзі екінші курс студенті болған.

Жақындарының айтуынша, газдың иісі шыққаны туралы бірнеше рет ескерту жасалған, тіпті Дананың анасы мен сіңлісі де сол күні қауіпті жағдайды айтып, қызды жұмыстан алып кетпек болған. Алайда мекеме басшылығы «жұмыс қызу» деген сылтаумен бойжеткенді жібермей қойған.

Жарылыс кезінде тағы төрт адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Олардың екеуі жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Қоғамдық тамақтану орнының ғимараты қатты зақымданып, айналасы қоршауға алынған. Жарылыстың салдары жақын маңдағы тұрғын үйлердің сынған терезелерінен анық байқалады.

Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы жарылыстың газ баллонының қауіпсіздік талаптары сақталмауынан болғанын мәлімдеді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі таңда облыс әкімінің тапсырмасымен жедел штаб құрылып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Әкімдік өкілдері зақым келген тұрғын үйлерді қалпына келтіруге уәде берді. Ал марқұмның туыстары кінәлілердің қатаң жазалануын талап етіп отыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий