Түркістанның бұрынғы әкімі Президент Әкімшілігінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Сатыбалдыны Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Дархан Сатыбалды бұл тағайындауға дейін Түркістан облысының әкімі қызметін атқарған болатын. Ол 1974 жылы 26 наурызда Түркістан облысы Сарыағаш ауданында дүниеге келген.
Сатыбалды Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын және Қазақ гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған. Бұрын ол ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментінің басшысы, Шымкент қаласының әкімі, Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі қызметтерін атқарған. Түркістан облысының әкімі болып 2022 жылдың жазынан бастап жұмыс істеді.
Түркістан облысының жаңа әкімі 6 қаңтарда тағайындалады деп күтілуде. Сол күні сағат 10:30-да Түркістанда облыстық және қалалық мәслихат депутаттары жиналып, жаңа әкімді тағайындауға келісім беру мәселесін талқылайды.