Түркиядан келген білікті дәрігер Жезқазғанда 80 науқасты қабылдады

18.03.2026 09:45 Арман Ермеков
Түркиядан келген білікті дәрігер Жезқазғанда 80 науқасты қабылдады
65
Фото: «Қазақмыс» корпорациясы

Жезқазған медициналық орталығында Түркиядан арнайы келген білікті нейрохирург өңірдегі 80 науқасты қабылдап, жергілікті дәрігерлермен тәжірибе алмасу өткізді, деп хабарлайды Politico.kz.

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Medicana Health Group желісімен орнатылған байланыс арқасында балалар және функционалдық нейрохирургия саласының маманы профессор Erdinç Özek аймаққа арнайы келген. Шетелдік сарапшының сапары алдымен дәрігерлерге арналған білім беру дәрісінен басталып, онда балаларда жиі кездесетін аутизм, spina bifida және церебралды сал ауруы сияқты күрделі дерттерді анықтау мен емдеудің озық тәсілдері талқыланды. Жергілікті мамандар нақты клиникалық жағдайларды талдап, науқастарды емдеуге қатысты практикалық ұсыныстар алды.

Оқу-жаттығу шараларынан кейін шетелдік дәрігер екі күн қатарынан нейрохирургиялық ауытқуы бар 80 науқасты қабылдап, оларға халықаралық хаттамаларға сай медициналық кеңес берді. Бұдан бөлек емдеу мекемесінде дің жасушаларын қолдану, гидроцефалияны емдеу, бас пен жұлынға жасалатын хирургиялық оталар және миды терең стимуляциялау мен VNS-терапия секілді заманауи нейромодуляция әдістері таныстырылды.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай кездесулер тек тәжірибе алмасумен шектелмей, озық медициналық технологияларды аймақтарға жедел енгізуге үлкен жол ашады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий