Тұрсынбек Қабатовтың әйелі cахнадағы қылығы үшін әбден ақталды (ВИДЕО)

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова «Алтын ханым» байқауын жүргізіп, елдің сынына қалып еді. Енді ол өзінің жүргізушілік қабілетін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол Динара Сәтжанмен бірге тікелей эфир жүргізу кезінде ұятқа қалған еді.
«Әр түрлі тағдырлар тоғысқан осы керемет жобада мен жүргізуші боламын деген ой тіпті түсіме де кірмеген шығар. Баян Мақсатқызынан ұсыныс түскенде таңданыстан бұрын, қорқыныш жауапкершілік басым болды. Қазақстанның шоу-бизнесінде өзіндік ерекше орыны бар, бөлек көзқарасы бар, заманауи уақытпен мен ұлттық мүддені керемет жеткізе алып жүрген продюсер маған осындай ұсыныс жасағаны санамды шайқап жіберді. Ал енді маған сенім артқан майталмандардың ойынан шықтым ба, халыққа жеткізе алдым ба?! Оны әлеуметтік желіде талқылап та, қолдап та жатқан өздеріңіз. Ал мен тырыстым. Бойымда күш-қуатым, ерік-жігерім барда мен өсе беруге дайынмын. Иә, кешегі сахнадағы әдеміліктің артында менің ішкі қорқынышым, толқуым, сезімдерімнің лап еткені сонша, көзім көрмей, сөздер де аузыма түспей қалған сәттер де болды», – деді әзілкештің әйелі.
Соңғы жаңалықтар





