Украина АҚШ ұсынған бейбіт жоспарға 90% келісіп отыр, енді Мәскеудің жауабы күтілуде

Украина АҚШ ұсынған бейбіт жоспарға 90% келісіп отыр, енді Мәскеудің жауабы күтілуде
21.04.2025 14:53
0
292
nypost.com
АҚШ пен Украина Парижде ұсынылған бейбіт жоспар бойынша мәмілеге жақындады

АҚШ-тың бейбіт бастамасына Украина 90 пайызға келісіп отыр. Бұл туралы Киевтегі Қорғаныс министрлігі американдық тарапқа хабарлаған. Енді басты мәселе - Мәскеудің келісімі, деп хабарлайды POLITICO.KZ The New York Post басылымына сілтеме жасап.

АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасы бойынша Парижде ұсынылған бейбіт келісім жоспарына Украина қорғаныс ведомствосының басшысы Рустем Умеров пен оның командасы «толық емес, бірақ айтарлықтай қолдау білдірді». Қалған күмәндер көбіне атысты тоқтату шебінің қай тұстан өтетініне қатысты болып отыр.

Америкалық жоғары лауазымды өкілдің айтуынша, украин тарапы қазіргі нақты шекараларды «де-факто» (факті жүзінде) тануға дайын болғанымен, оны «де-юре» (құқықтық негізде) мойындаудан бас тартып отыр. Яғни, Ресейдің кей аумақтарды бақылап отырғанын уақытша қабылдауға болады, бірақ олардан біржола бас тарту – мүмкін емес.

Лондондағы алдағы аптаның басында АҚШ, Еуропа және Украина өкілдері толық атысты тоқтату туралы шешім қабылдауға ниетті. Бұл келіссөздердің нәтижесіне қарай АҚШ Ресейге: «Міне, сіздерге ең соңғы әрі үздік ұсыныс» деген ұстаныммен шығады.

Бұл ретте арнайы өкіл Стив Уиткофф Ресеймен келіссөзге барғанда «пряник» рөлін атқаратын ұсыныстар дайындап отыр. Олардың ішінде санкцияларды жұмсарту немесе Брюссельде бұғатталған 300 миллиард долларлық активтерді біртіндеп босату секілді қадамдар болуы мүмкін.

Алайда сарапшылар Трамптың бұған дейін Мәскеуге қарсы қысымды күшейтемін деген мәлімдемесімен бұл ұсыныстар үйлеспейді деп санайды.

— Ресей Трампты халықаралық аренада ұятқа қалдыру үшін шарттарға көнбей, келіссөзден жалтарып отыр. Егер Трамп уәде еткен «бірінші күннен бейбітшілік» жоспары орындалмаса, бұл АҚШ пен НАТО-ның толық жеңілісі ретінде бағаланады, — дейді Atlantic Council сарапшысы Алекс Плитсас.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий