«Үлкен сахнаның бір бұрышын қимайды»: Мөлдір Әуелбекова орамалы кедергі болып жүргенін айтты
543
“Құрмет” орденінің иегері, әнші Мөлдір Әуелбекова сахнадан кеткісі келетінін жасырмады.
Өнер иесі кейінгі кезде орамал тағып, намазға жығылған еді.
“Мені орамалым үшін телевизиялық жобаларға және көптеген концерттерге қатыстырмайды. Енді, ойланып жүрмін, үлкен сахнаның бір бұрышын маған қимай жүргендерге, өзім-ақ сол сахнаны босатып бере саламын-ау… Мен қатысып жүрген бір ғана жоба бар, ол – Cover show! Себебі Мейрамбек Бесбаев ағам шын таланттарды ештеңеге қарамастан қолдайды. Рақмет, жан ағам, ән ағам”, – деп жазды әнші.
Тыңдарман қауымның пікірі екіге жарылды. Бірі өнер иесін орамалы үшін сөксе, енді бірі әншілікті тастамауын өтінді.
“Орамал жараспайды, әніңді айтып жүре бер”, “Даусыңыз керемет еді, өнерді тастамаңыз”, “Сәкеннің әйелі сияқты орамал тағу керек, сендердікі – арабтану”, “Демократия жоқ. Заң жүзінде құқығымыз қорғалмаған”, “Сахнаның тәртібіне бағыну керек”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Соңғы жаңалықтар
10.09.2026
10:40
Заң шығару құқығы тек Құрылтайға берілді - жаңа...
10.09.2026
10:20
«Мұсылман қыз үшін орамал тағу – парыз»: ҚМДБ м...
10.09.2026
10:17
Алматыда егде әйелді соққыға жыққан жігіт қайта...
10.09.2026
09:39
«Шыда, сен солдатсың»: Түркістандық жас сарбаз ...
10.09.2026
09:01
«Салмағым үшін өнерден қумаңыздар»: Рамазан Ама...
10.09.2026
08:21
«Жоғары мәдениетіңізді айрықша атап өткім келед...