"Ұлттық киім керемет жарасып тұр": Айдана Меденова жаңа образымен желіні сүйсіндірді
1462
Танымал әнші Айдана Меденова қазақы нақыштағы жаңа образымен көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Politico.kz.
Әлеуметтік желіде тараған кадрларда өнер иесінің қызыл түсті ұлттық киім киіп, дәстүрлі әшекейлі бас киім тағып, ұлттық аспаппен ән орындап тұрғаны көрінеді.
Желі қолданушылары әншінің жаңа бейнесін жарыса мақтап, оның бұған дейінгі хиджаб киген образымен салыстыра жылы лебіздерін қалдырды:
«Міне, қандай жарасымды, өзіміздің ұлттық киім. Хиджабын шешкені дұрыс болды», «Өте әдемі қыз, ұлттық киім керемет жарасып тұр. Даусы да тамаша», «Қандай керемет дауыс! Нағыз қазақ қызының киім үлгісі», – деп жазды оқырмандар.
Айта кетейік, Айдана Меденова бұған дейін де өзінің сыртқы стилі мен киім кию үлгісіне байланысты көпшіліктің қызу талқысына түскен болатын.
Соңғы жаңалықтар
15.09.2026
17:22
Онлайн жиында темекі шеккен мәслихат төрағасына...
15.09.2026
17:09
Санжар Боқаевқа қатысты соттың басталатын күні ...
15.09.2026
17:02
«3 жылға қамалуы мүмкін»: Прокурор Нұрсұлтан Жа...
15.09.2026
17:02
Құлсарыда су тасқынынан кейін салынған 100 үйге...
15.09.2026
16:18
Семейде сотталған ер адам өзін 6 жыл күткен сүй...
15.09.2026
16:14
«Бір өліп, бір тірілдім»: Аша Матай депутаттыққ...