ҰҚК құрықтаған прокурор екі айдан кейін бостандыққа жіберілді

13.04.2026 15:43 Арман Ермеков
ҰҚК құрықтаған прокурор екі айдан кейін бостандыққа жіберілді
257
Фото: Baigenews.kz

Ақтөбеде ұсталған прокурор кінәсін растайтын дәлел табылмай бостандыққа шықты, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы «Диапазон» жазды. Оқиға 17 ақпанда болған. Сол күні әлеуметтік желіде облыстық прокуратура ғимаратының тұрағында ведомство қызметкерінің ұсталған бейнежазбасы тарады. Оны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің орталық аппараты мен Бас прокуратураның өзіндік қауіпсіздік департаменті бірлесіп құрықтаған.

Бастапқыда күдіктінің нақты қандай қылмысқа қатысы бар екені ресми айтылмады. Бірақ кейбір дереккөздер оның 10 млн теңге көлемінде пара алғанын жазды. Тергеу барысында оның кінәсін дәлелдейтін айғақтар табылмай, 10 сәуірде босатылған.

Журналистер осы жағдайдың мән-жайын білу үшін Ақтөбе облыстық прокуратурасына хабарласқан. Алайда құзырлы орган өкілдері бұл оқиғаға қатысты ешқандай пікір білдірмеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий