«Үш баланың анасы екеніне сену қиын»: Тәуекел Мүсілімнің жары желіні шулатты

15.12.2025 09:19 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Үш баланың анасы екеніне сену қиын»: Тәуекел Мүсілімнің жары желіні шулатты
0
93
Коллаж: Politico.kz

Танымал актер Тәуекел Мүсілімнің жары Махаббат әлеуметтік желіде жариялаған жаңа фотоларымен көпшіліктің назарын өзіне аударды, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Демалыс кезінде түсірілген кадрларда ол теңіз жағасында нәзік, ашық түсті көйлек киіп, жалаңаяқ тұрған сәтін көрсетті. Табиғи қалпындағы шашы мен жинақы стилі оның сымбатын айқындап, көрермендерді бірден баурап алды.

Жарияланған суреттерге Тәуекел Мүсілім алғашқылардың бірі болып пікір қалдырып, жұбайына деген ілтипатын жасырмады. Актер «Махаббатым» деп жазып, жүрек эмодзиын қалдырған. Бұл шағын ғана жазба желі қолданушыларының да жылы лебізін одан әрі күшейтті.

Көпшілік Махаббаттың сырт келбетіне ерекше тәнті болды. Пікір қалдырушылардың басым бөлігі оның үш баланың анасы екеніне сену қиын екенін айтып, таңданысын білдірді.


«Үш бала туғаны мүлде байқалмайды», «Жас қыздай, өте сымбатты», «Осындай харизма мен келбетпен подиумға шығуға болады», «Керемет көрінеді» деген пікірлер жиі кездеседі.

Желіде тараған бұл суреттер Махаббаттың тек актердің жары ғана емес, өз болмысымен, табиғи сұлулығымен көпке үлгі бола алатынын тағы бір мәрте дәлелдегендей.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий