Үш облыста республикалық жолдар жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Жамбыл, Қостанай және Ақмола облыстарында бірнеше республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді.
"ҚазАвтоЖол"-дың мәліметінше, мына жолдарда: • 6 қарашада сағат 18:00-де Жамбыл облысында республикалық маңызы бар А-2 Алматы – Ташкент – Термез автожолының 534-593-шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына; • 6 қарашада сағат 19:00-де Қостанай облысында республикалық маңызы бар А-16 Жезқазған – Петропавл автожолының 339-377-шақырым аралығында (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына; • 6 қарашада сағат 19:00-де Ақмола облысында республикалық маңызы бар А-16 Жезқазған – Петропавл автожолының 377-440-шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.10.2026
17:20
Ақтөбе облысында жұмыс кезінде күйік алған темі...
24.10.2026
16:15
Қордайда BMW көлігі тротуарға шығып кетіп, үш ә...
24.10.2026
15:28
Рөлде келе жатқанда ұстамасы ұстаған: Алматыда ...
24.10.2026
14:38
Павлодарда тісін емдеткен үш жасар қыз үш күнне...
24.10.2026
14:11
Атырау тергеу изоляторында жаппай наразылық бол...
24.10.2026
11:34
Атырауда департамент басшысы өлі күйінде табылды