Ұшақ апаты: бір отбасының 9 адамы ажал құшты

Ұшақ апаты: бір отбасының 9 адамы ажал құшты
30.12.2024 14:10
0
233
ашық дереккөз

Оңтүстік Кореяның Муан әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта бір отбасының 9 мүшесі болған.

Бангкоктан оралған Jeju Air Boeing 737-800 бортындағы 181 адамның қатарында бір отбасының 9 мүшесі болды. Олар 80 жастағы туысының мерей тойын тойлауға барғаны анықталды. 80 жастағы жергілікті тұрғынның өзі де апат болған ұшақта болған. Ұшақ апатынан қаза болған 179 адамның ішінде ең қарт кісі осы адам болған. Оның жынысы нақтыланбады. Бүтін бір отбасы мерей тойды тойлау үшін Тайландқа барған екен.

Еске салайық, бүгін, 29 желтоқсанда Бангкоктан Оңтүстік Кореяның Муан қаласына ұшқан Jeju Air Boeing 737-800 ұшағы Муан әуежайына қону кезінде апатқа ұшырағанын хабарлаған едік. Ұшақ апаты жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9:07-де болған. Ұшақ ұшу-қону жолағынан асып түсіп, қоршауға соғылып, өрт шықты. Бортта 181 адам болған. Олардың екеуі аман қалды - олар ұшақ экипажы мүшелері болып шықты.

Ақпарат Orda.kz сайтынан алынды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или