Ұшақ бортында шылым шеккен шетелдіктер жазаланды
Алматы бағытындағы авиарейстерде қауіпсіздік ережелерін бұзған бірнеше шетел азаматы жауапкершілікке тартылды. Тәртіп бұзған жолаушылар әуе кемесінің бортында шылым шеккен, деп хабарлайды Politico.kz.
Polisia.kz дерегінше, оқиғаның бірі Сеул — Алматы бағытындағы рейсте болған. 56 жастағы шетелдік азамат ұшақтың дәретханасында темекі тартқан. Әуе кемесі Алматыға қонған бойда заң бұзушы бірден көлік полициясы қызметкерлеріне тапсырылды.
Осыған ұқсас жағдай Алматы — Шымкент ішкі рейсінде де тіркелді. Бұл сапарда бірнеше шетелдік жолаушы ұшу кезінде шылым шегуге бел буған. Барлық тәртіп бұзушылар әуе кемесі бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін заңды түрде жазаланды.
Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері көлік полицейлері авиация мен теміржол инфрақұрылымында 62,6 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолын кескен. Оның ішінде ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүрудің 4,5 мыңнан астам дерегі және шылым шегуге салынған тыйымды бұзудың 2 835 фактісі тіркелген.
Соңғы жаңалықтар