Ұялы телефоны «қара тізімге» енгендер енді ешкіммен хабарласа алмайды
933
Қазақстанда абоненттік ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу ережесі өзгермек. Мұнда ұялы телефондардың ақ, сұр және қара тізімдерін жасау жоспарланып отыр. Телефон қара тізімге енсе, бұдан былай оған байланыс қызметі көрсетілмейді, деп хабарлады politico.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Құжат 16 тамызда «Ашық құқықтық актілер» порталында «Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 мамырдағы №226 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тақырыбымен жарияланған.
Қара тізімде «ұялы байланыс қызметін көрсетуге тыйым салынған» мобильді құрылғылардың нөмірлері болады. Бұл тізімге Қағидаларға сәйкес сәйкестендіру кодының дерекқорына енгізілмеген құрылғылар кіреді.
Атап айтқанда, олар:
- сәйкестендіру коды дұрыс емес немесе өзгертілген;
- өндіруші тағайындаған сәйкестендіру коды жоқ;
- сәйкестендіру коды мобильді байланыс қауымдастығының (GSMA) ғаламдық жүйесінде қара тізімге енгізілген.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
17:29
Қазақстанның батыс өңірлерінде алғашқы қар жауды
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады