“Ұят емес пе?“. Мақпал Жүнісова “Музарт“ тобының жігіттеріне ұрсып берді

“Ұят емес пе?“. Мақпал Жүнісова “Музарт“ тобының жігіттеріне ұрсып берді
23.01.2025 10:01
0
363
ашық дереккөз

Қазақстанның халық әртісі, белгілі әнші Мақпал Жүнісова өнердегі інілері, "Музарт" тобының ән жазатын студиясын көріп, ашуға берілді.

Мақпал Жүнісова инстаграм-парақшасындағы сторисінде "Музарт" тобының ән жазатын студиясына барып, баспалдақтан құлай жаздағанын айтты.

"Құрметті "Музарттың" атақты жігіттері! Мейрамбек Бесбаев, Кенжебек Жанәбілов, Сәкен Майғазиев! Студияларыңыз өте тозған, баспалдақтан құлап қала жаздадым. Қабырғалары тесік-тесік, ауа да жоқ. Өте нашар студия. Сіздер өз үйлеріңізді ғана емес, халық келетін, әншілер келетін мына студияларыңызды да тездетіп жөндеңіздер. Ұят емес пе?! Өздерің осындай үйде тұрмас едіңдер! Біз ән жазып кеттік, бірақ сіздер үшін ұялып тұрмын", - деді халық әртісі. 

Алайда осылай деген ол кейін бұл райынан қайтып, жарияланымды өшіріп тастаған. 

Біраз адамдар балағаттап жазған соң алып тастадым. Өзім құрметтейтін бауырларым ғой. «Жаңа студияны күтеміз» деп жазғанда алмас едім. Олардың да дұшпандары баршылық екен, - деді М.Жүнісова. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или