“Ұят”: Үлкен адамдардың тойы дау туғызды

Әлеуметтік желіде жасы үлкен адамдардың үйлену тойынан түсірілген видео тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Кадрларда жаңа құрған ерлі-зайыптылардың жанында өздерімен шамалас жігіт-қыздар жолдас болып тұрғаны көрінеді. Алайда бұл шын мәнінде үйлену тойында түсірілген сәт пе, әлде клип не фильмнің үзіндісі ме – әзірге нақты белгісіз.
Желі қолданушылары видеоға қатысты түрлі пікір білдірді. Бірі қуаныш иелеріне қолдау көрсетсе, енді бірі бұл әрекетті құптамаған.
– «Бұл жаста жастарша той жасаудың қажеті жоқ»,
– «Мен өзім 25 жасымда үйленгенде кәрі сезінгенмін»,
– «Керемет, той тойға жалғассын, жасына қарамай бақытқа лайық!»,
– «Бәлкім, күміс той шығар»,
– «Қандай жаста болса да қуаныштың айыбы жоқ», – деген сынды пікірлер жазылды.
Соңғы жаңалықтар





