«Ұятсыз ештеңе айтқан жоқпын»: Бақыт Тұрман фильмге айтқан сынын түсіндірді
641
«KEZDESU» бағдарламасына қонақ болған Бақыт Тұрман Мөлдір Мұқанның фильміне қатысты айтқан сынына байланысты шудың басын ашып берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Бағдарламада ол өзін сынағандарға жауап беріп, ешкімге әдейі тиісуді мақсат етпегенін айтты.
«Бірдеңе бүлдіріп қойған жоқпын ғой. Ұятсыз, жұрт қарғайтындай жағдай емес. Тек кино туралы жеке пікірімді айттым. Сын айтылғаннан кейін, ертесі күні Мөлдір ханым өзі дайрекке жазды. Толықтай өз қателіктерін мойындап, түсіністік білдірді», — деді Бақыт Тұрман.
Әнші әрбір сөзіне өзі жауап бере алатынын, ешкімнің «қорғауына» мұқтаж емес екенін де қадап айтты:
«Мен айтқан сөзіме өзім жауап беремін. Ешкім мен үшін ақталып, жауап бермей-ақ қойсын», — деді ол.
Әлеуметтік желіде бұл жағдай қызу талқыға түсіп, желі қолданушылары екіге бөлінді: бірі Бақыттың ашықтығын қолдаса, екіншілері оның сынын артық көрген.
Соңғы жаңалықтар
15.09.2026
22:36
Болливуд фильміндегідей: Жақын құрбылар туған а...
15.09.2026
22:22
Алматыда прокурордың қатысуымен болған шулы оқи...
15.09.2026
21:47
Азамат Омаров кінәсін мойындап, тергеумен мәміл...
15.09.2026
21:09
Профессор: Алматыда 2,5 млн жалақы алатын ғалым...
15.09.2026
20:49
"Не Найман, не Жалайыр емессің". Мақсат Халық ө...
15.09.2026
20:36
Дастан Сатпаев жарақатына байланысты Қазақстан ...