Вице-министр айына 600 мың теңге жұмсайтынын айтты

Вице-министр айына 600 мың теңге жұмсайтынын айтты
09.10.2025 13:02
0
133
Үкімет

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев өзінің отбасына ай сайын негізгі қажеттіліктерге 500–600 мың теңге жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Оның айтуынша, отбасында алты адам бар — жұбайы мен төрт баласы. Екі баласы жұмыс істейді, ал екеуі асырауында.

«Жұбайым жұмыс істемейді, себебі кенже ұлым үш жаста және балабақшаға барады. Орта есеппен ай сайынғы шығын 500–600 мың теңге шамасында. Бұл сомаға балабақша төлемі, қызымның түрлі үйірмелерге қатысуы және басқа да отбасылық қажеттіліктер кіреді», — деді Ертаев.

Вице-министр нақты жалақысын атаудан бас тартқанымен, елдегі орташа және медианалық жалақы деңгейі туралы деректермен бөлісті. Оның сөзінше, қазіргі таңда Қазақстанда орташа айлық жалақы шамамен 400 мың теңге, ал медианалық жалақы 288 мың теңге мөлшерінде.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий