Қызылорда, Шымкентте мектепте еден жуушы болу үшін 500 мың теңге сұрайды – депутат Мұқаев
594
Жетім көрсең жебей жүр» деп қазақ бекер айтпаған. Тағдыр талқысына жастайынан түскен жетімдердің көңілін аулап, жанына жылулық беріп, қамқорлық көрсету – игі іс. Ал өмірін соған арнаған жан көп емес. Соның бірі – Оксана Гречишкино.
Кішкентай ғана нәрестені бағып-қағудан бастаған тәрбиеші – бүгінде Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тәрбие ісі жөніндегі әдіскер. Осы салада жүргеніне 30 жылдан асса да балалардан, ортадан ажырағысы келмейтінін айтты.
– Балаға маңыздысы – анасының жанында болуы. Ол еміп қана қоймай, ананың иісін алады. Бізде балалардың бөтені жоқ. Дені сау не дертке шалдыққан деп те бөлмейміз. Бәріне бірдей қараймыз. Себебі әрбір балаға жылылық, мейірім мен қамқорлық қажет. Өйткені жарық дүниеге келген нәрестенің өзі сезімтал келеді. Тіпті, сырқат баланың өзі біреуге керек екенін, әке-шешесінің барын түсінгенде бейне бір қанат біткендей салмақ қосып, еркелеп, күлімдеп, жадырай түседі. Сондай сәтте өз ішімізде «анасын тауып, қанатын жайды» дейміз, – дейді Оксана Гречишкино.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
11:56
Баласын жалғыз тәрбиелейтін экс директор 2 жылғ...
14.09.2026
11:53
20 жастағы жігіт әжесін өлтіріп, қылмыс ізін жа...
14.09.2026
11:37
Қазақмыс жұмысшылар тұратын корпусты 214 млн те...
14.09.2026
11:32
Павлодарда Ертіс өзенінде қайық аударылып, бір ...
14.09.2026
11:00
«Байтақ» партиясы хатшысының 15 жастағы ұлы әке...
14.09.2026
10:16
«Антибиотик сала берген»: Актриса Гүлшат Тутова...