"Өз-өзімізді алдаймыз": Депутат елдің кедейлік шегін халықаралық стандартқа сәйкестендіруді ұсынды
"Қазақстанның ресми мәліметтері бойынша елдегі кедейлердің саны Қазақстан халқының 4,8 пайызын құрайды. Бірақ халықаралық стандарттарға келетін болсақ, Дүниежүзілік банк бүгінгі таңда әрбір адамның кедейлік шегін айына 90 мың теңге деп есептейді. Егер бұл методикамен есептесек, Қазақстан халқының 16 пайызы кедей. Неге біз осы өзіміздің стандарттарымызды халықаралық стандарттарға сәйкес келтірмейміз. Неге біз өзімізді-өзіміз алдаймыз? Осы заң (ред. – "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика және деректерді басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы) аясында Қазақстанның кедейлік шегін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру үшін қандай қадамдар жасауға болады?", - деп сұрады депутат.Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбавтың сөзінше, қолданыстағы ереже мен әдістемелер Дүниежүзілік банктің өкілдерімен бірге әзірленді.
"Жалпы халықаралық стандарттарға сай келеді. Осындай әдістеме бүкіл ТМД елдерінде қолданылады. Бұл ақпарат дұрыс деп санаймыз", - деп қысқа қайырды спикер.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
26.11.2026
12:52
Прокурор Санжар Боқаевқа қандай жаза сұрады?
26.11.2026
12:32
«Қазақмыс» Еңбек ері Әбдірашит Доспановқа пәтер...
26.11.2026
12:26
«Бір үлкен отбасының мүшесіндей қабылдадыңыздар...
26.11.2026
12:19
Екібастұзда 42 жастағы ер адамды тоқ соғып, көз...
26.11.2026
11:55
«Кешірім қабылданбайды: Тұрсынбек Қабатовтың әй...
26.11.2026
11:00
Әскерге сау кетіп, ауру болып оралды: Өскеменде...