"Заңмен шешу екіталай": Облыс әкімі той үшін несие алуға мәжбүр халықтың мәселесін көтерді

03.07.2026 16:38 Қарақат АСЫЛОВА
350
Коллаж Politico.kz

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Threads әлеуметтік желісінде тойдағы ысырапшылыққа қатысты қоғамның шағымына жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Желі қолданушысы әкімге жаз маусымында той көбейіп, қарапайым халыққа ауыртпалық түсетінін жазған. Оның сөзіне қарағанда, жалақысы 300 мың теңге көлеміндегі адамдар үшін бірнеше күнге созылатын жиындарға қатысу үлкен шығын әрі қиындық тудырады. Бұған қоса ол тойдағы дарақылықты, мақтаншақтықты және денсаулыққа зиян тамақтануды сынап, әкімнен бұған қарсы қатаң заң қабылдауды сұраған.

Өңір басшысы бұл қоғамда жиі көтерілетін күрделі мәселе екенін растады.

"Той шығындарының ауыртпалығы - қоғамда жиі көтерілетін мәселе. Көп отбасы несие алып, әлеуметтік қысымның әсерінен шамадан тыс шығындалады. Мәселе бар екені рас, бірақ оны тек заңмен шешу екіталай. Мұнда қоғамның көзқарасы, отбасының таңдауы және экономикалық жағдай қатар әсер етеді. Заң белгілі бір шектерді ғана белгілей алады, ал ысырапшылықты азайтудың негізгі тетігі - қоғамдық мәдениет пен жеке жауапкершілік деп ойлаймын", — деп жазды Асайын Байханов.

Войдите, чтобы оставить комментарий