Зайытов: 1,4 млрд теңгеге түсірілген мультфильмдер көрсетілмеді

Зайытов: 1,4 млрд теңгеге түсірілген мультфильмдер көрсетілмеді
19.06.2025 10:53
0
138
Коллаж POLITICO.KZ
Соңғы бес жылда 1,4 млрд теңгеге 47 анимациялық фильм түсірілген

Ринат Зайытов: 1,4 млрд теңгеге түсірілген 47 мультфильмнің тек төртеуі ғана телеарнадан көрсетілген

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Қазақстанда соңғы бес жылда 1,4 млрд теңгеге түсірілген 47 анимациялық фильмнің көрерменге жетпегеніне алаңдаушылық білдірді. Ол анимациялық контенттің ел ішіндегі идеологиялық және тілдік ахуалға тікелей әсер ететінін ескере отырып, бұл бағыттағы жүйесіздікті сынға алды.

«Бізде хандарымыз бен батырларымызды насихаттайтын бірде-бір мультфильм жоқ. Осыдан кейін ауылда бірауыз орысша білмейтін ата-ананың баласы орысша сайрап жүр деп ренжиміз. Өйткені балалар көретін анимация орыс тілінде. Қазақстандағы жағдайға келсек, 5 жылда 1,4 млрд теңгеге «Қазақфильмде» 47 анимациялық фильм түсіріліпті. Мұндай қаржыландырудан кейін бізде бір серпіліс болу керек қой. Олай болмады. 47 фильмнің төртеуі ғана телеарналардан көрсетілген», - деді ол. 

Зайытовтың айтуынша, «Қазақфильм» түсірген 47 мультфильмнің тек төртеуі ғана телеарналардан көрсетілген, қалғандары эфирге шықпаған. Бірқатары Qazaq Animation атты YouTube арнасында жүктелген, алайда ол платформада бар болғаны 475 ғана жазылушы бар екені айтылды.

Ол сондай-ақ мемлекеттік қаражат тиімді жұмсалуы тиіс екенін және мәдени-көркем контентті таратудың жүйелі тетігі қажет екенін атап өтті.

Дереккөз: ZTB

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий