Жахан Отарғалиевтің әкесі жол апатына ұшырады
757
Атырау-Орал тасжолында болған жол апатына танымал әзілкеш әрі актер Жахан Отарғалиевтің әкесі тап болды. Өнер иесінің айтуынша, әкесі Алланың қалауымен аман қалған, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
«Бауырлар, ойланған дұрыс сияқты. Өткен жұма күні таңертең Атырау-Орал жолында жағдай болды. Сәл жәй жүрейікші. Такси айдайтын бауырлар, сіздерді де бала-шағаңыз күтіп отыр. Соларды да ойлаңыздар. Әкем аман қалды, шүкір», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Актердің сөзінше, апаттан кейін әкесінің аяғында ісік пайда болған. Қазір ол қалаға жеткізіліп, ем қабылдап жатыр.
«Бастысы – аман қалды. Әке-анамыз аман болсын! Алла оларға көтере алмайтын сынақ бермесін», – деді Жахан Отарғалиев.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...