«Жалғыздық - әр түрлі көңілдес…»: Ақбота-Нұр Сейітмағамбет көпті ойландырып қойды

«Жалғыздық - әр түрлі көңілдес…»: Ақбота-Нұр Сейітмағамбет көпті ойландырып қойды
05.01.2025 19:26
0
493
ашық дереккөз

Әнші, актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет өзінің Instagram парақшасында жазба жариялап, көпті ойландырып қойды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

«Уақытты жеңуге болады,

Арылып өкініш, әттеңнен.

Бақытты болуға болады,

Өзіңе ұнайтын сәттермен.


Алматы жалғыздар қаласы,

Таулардан тағдырдың күйі ақты.

Көзіңнің ағы мен қарасы,

Күйсандық пернесі сияқты.


Жүрегім тыныштық табатын,

Сен жайлы әлемде жоқ нота.

Махаббат күйдірген қанатын,

Аққудың баласы Ақбота.


Жақсы көр, жан беріп-жан алыс,

Мына әлем өте лас, өте шу.

Мен үшін күздегі романс,

Сенімен бір шыны кофе ішу,

Өмірде өзіме адалмын,

Мен сені айтпай ақ түсінем,

Көздері күлетін адамның,

Жүрегі жылайды ішінен.

 

Сен бірақ жылама, мұңайма,

Сәбидей сүйкімді күл мейлі.

Жалғыздық ұнай ма Құдайға,

Оны ешкім білмейді…

 
Адамды сүюге ар керек,

Арызың болмасын өмірге еш.

Жаныңды түсінер жар керек,

Жалғыздық - әр түрлі көңілдес…

(c) Ақжол Түменбай» - деп жазды актриса.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или